Асық ойыны – әр өлкеде әртүрлі ерекшеліктерін сақтай отырып дамыған ұлттық ойындардың ішінде аса танымалы және қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарының ең қызықты әрі өте кең тараған түрі. Сондықтан ғасырлар бойы халықтың зердесінде сақталып келген осы бір ойынды өскелең ұрпақты тәрбиелеудің құралы ретінде пайдаланған жөн.
Асық ойыны балаларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа баулиды. Осы орайда, біз ұлттық ойынды насихаттауды басты нысанаға ала отырып, «Әдеп мен ғұрып» жоба аясында «Сәулет» МЛ жанындағы интернатта «Алтын сақа» ұлттық асық ойыны ұйымдастырылып, «Асық ату, «Бестас», «Ханталапай» ойын түрлерінен жарыс өткізілді, жарысқа оқушылар ата-аналарымен қатысты. Ойын барысында қатысушыларға асық ойынының түрлері мен ережелері таныстырылып, ойнаудың өзіндік сырлары ұстанып, белсенділік танытып, ойынға ерекше қызығушылықпен қатысты. Ойын соңында ата-аналардың пікірлері тыңдалып, ойынға қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/tarbie-saulet/tarbieli-is-sh-r-l-r/13818-asy-ojyny-r-lkede-rt-rli-erekshelikterin-sa-taj-otyryp-damy-an-ltty-ojyndardy-ishinde-asa-tanymaly-zh-ne-aza-khal-yny-d-st-rli-ltty-ojyndaryny-e-yzy-ty-ri-te-ke-tara-an-t-ri.html#sigFreeId2f932bbec2