15 Нау 2022
Тәрбиелік іс-шаралар

2021-2022 оқу жылы мектеп-лицейімізде ұстаздар қауымынан құралған бірнеше шағын шығармашылық топтар жұмыстанып келеді. Солардың бірі - «Тағылым» тобы

2021-2022 оқу жылы мектеп-лицейімізде ұстаздар қауымынан құралған бірнеше шағын шығармашылық топтар жұмыстанып келеді. Солардың бірі - «Тағылым» тобы. Команда құрамында әртүрлі пән мұғалімдері бірлесе жұмыстануда. Ақпан айының 21-28 күндері аралығында тобымыз сабақ барысында СТО әдістері арқылы оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту мақсатында «География, химия және информатика сабақтарында 9«б» оқушыларының көшбасшылық қабілетін СТО әдістері арқылы қалай дамытуға болады?» тақырыбында тізбектелген LS зерттеу сабақтарын өткізген болатын. Сабақтар географиядан «Қазақстанның демографиялық жағдайы мен демографиялық саясаты», химиядан «Азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттері» және информатикадан «Екіөлшемді массив» тақырыптарында алдынала топта бірлесе жоспарланып, сәйкес пән мұғалімдерімен жүзеге асырылған болатын. Топ мүшелері сабақтардың әр кезеңдері бойынша бақылау, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, сабақтардың соңында оқушылардан кері байланыс алып отырды. Нәтижесі бойынша оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту үшін жұмыстану бағыттары мен СТО әдіс-тәсілдерінің тиімді ұйымдастыру маңыздылығы туралы қорытынды жасалынды.