09 Нау 2022
Тәрбиелік іс-шаралар

“Сәулет” мектеп-лицейінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында

“Сәулет” мектеп-лицейінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Ана” тақырыбындағы өлеңдерді оқуға тарту, аналарды сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге үйрету, оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін арттыру мақсатында “Ана саған арналады жыр-әнім” мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бұл сайыстың ерекшелігі 5-11 сынып ер балалары қатыса алды. Сайыс қорытындысы бойынша 6”А” сынып оқушысы Дуйсалиев Б. ІІІ орынды иеленсе, 10 сынып оқушысы Мамай Е. ІІ орынға ие болды. Өлеңді мәнерлеп оқу ерекшелігімен көзге түскен 6”ә” сынып оқушысы Жүнісәлі М. жүлделі І орын иеленіп, белсенді қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.