09 Нау 2022
Тәрбиелік іс-шаралар

«Сәулет» МЛ 7 «б» сыныбында 1-наурыз-Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту-парызым» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті

«Сәулет» МЛ 7 «б» сыныбында 1-наурыз-Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту-парызым» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Сабақ барысында Алғыс айту күні ретінде не себепті 1-наурыз алынғанына шолу жасалып, алғыс айту, ризашылық білдірудің не үшін қажет екені туралы оқушылардың ойлары тыңдалып, қазақ халқының ұғымындағы алғыс туралы нақыл сөздердің мағыналары түсіндірілді. Оқушылар «Жақсылығың қайтар өзіңе» тақырыбындағы видеороликтен түйген ойларын айтып, пікір алмасты. Топтық жұмыста ПОПС, РАФТ әдістерімен «Алғыста шек жоқ» сөйлемдерді аяқтау, «Алғысым шексіз» хат жазу, сыйлық дайындау тапсырмалары арқылы топтанып жұмыстанып, шығармашылық жұмыстарын қорғады. «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті, Тәрбие сағаты оқушылардың орындауындағы «Алғыс» әнімен аяқталды.

{gallery}/---/14/1{/galllery}