04 Нау 2022
Тәрбиелік іс-шаралар

СӘУЛЕТТІҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ 01.03

СӘУЛЕТТІҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ

Ел жақсысын еске алу – ұлтымыздың ұлы істерінің бірі. Қазақ қашаннан ақыны мен ардагерін ардақтап, аялай білсе, жалпы адамзат баласы алдында ұстаз еңбегінің алар мәртебесі зор. Бүгінгідей мереке күні саналы ғұмырының тең жартысын табан аудармай жас ұрпаққа білім беріп, тәрбие үйретуге арнаған мектебіміздің ардагер ұстаздары біздің жүрегімізден ерекше бір құрметпен орын алады.

Құрметтің қай түріне де лайық, Сәулет үшін құрметті әрі қымбат жандар, Сәулеттің негізін қалап, білім кеңістігінде өзіндік орнын қалыптастыруға ықпал еткен ардагер ұстаздарымыз Бақтығұл Жұмажанұлы, Күләш Мәселқызы және Қарлығаш Сағынғалиқызы 1-наурыз Алғыс айту күніне орай бүгінгі арнайы ұйымдастырылған «Сәулеттің дара тұлғасы» атты кездесу кешінің қадірлі қонағы болды. Кештің мақсаты ардагерлеріміз жүріп өткен сара жолдан мол тәжірибе жинақтап, бүгінгі күні бала тәрбиесі жолында қызмет жасап жүрген жас ұстаздарымызға үлгі болатындай ой бөлісу болатын. Шарамыз тек сұрақ-жауаптан тұрмай, мектеп ұстаздарының ардагер ұстаздарымызға арнаған ыстық ықыластары мен ілтипат білдіру сәттері де ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мектебіміздің түлектері де ұстаздарға деген ізгі тілектері мен алғыстары білдірген бейне жолдау жіберді.