04 Нау 2022
Тәрбиелік іс-шаралар

1-наурыз

1-наурыз - Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн!

Бұл күні Сәулеттік оқушылар да назардан тыс қалдырмай ерекше атап өткен болатын. Бүгін мектебіміздің тазалығы мен барлық санитарлық талаптарының дұрыс сақталуына ат салысып, балалардың жайлы білім алуына өзіндік үлестерін қосып жүрген мектебіміздің кіші қызметкерлеріне, аспазшылары мен медбикелеріне, шаруашылық меңгерушілеріне сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен ілтипат көрсетіліп, оқушылар өз қолдарымен дайындаған шағын сый-сыяпаттарын табыс етіп, әдемі көңіл-күй сыйлай білді.

Сыйластықтың бастауы ізеттілік пен ілтипат деп білетін мектебіміздің жас өркені мен олардың өмір бәйгесіне дайындап отырған асыл ұстаздарымызға. Сулеттік барлық қызметкерлерге шын жүректен алғыс білдіреміз!