"Қыс қызықтары
Бүгін мектебіміздің тәрбие жұмысының жоспарына сай 5 сынып ата-аналары мен оқушыларының арасында сынып жетекшісі А.Садыкова мен дене шынықтыру пәні мұғалімдері Қ.Нагиев пен А.Дуимбаевтың ұйымдастыруымен "Қыс қызықтары" атты қысқы эстафеталық ойындар өтті. Шараға 5 "А" және 5 "Б" сыныптарынан ата-аналар келіп, балалармен бірге қызықты уақыт өткізуге ат салысты. Әр түрлі эстафеталық ойындарға белсенді қатысып, сыныбы үшін жанын салған оқушылар мен олардың ата-аналарына алғыс білдіреміз. Жарысқа қатысушы отбасыларымызға сыныптың ата-аналар комитеті қолдау білдіріп, естелік сыйлықтарымен мараппаттады. Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған игі шаралар жалғасын таба берсін деген тілектеміз.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/tarbie-saulet/tarbieli-is-sh-r-l-r/13467-ys-yzy-tary.html#sigFreeId05e59a17fa