Тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сай, 6 сынып жетекшілері Ж.Курмышева, А.Самиғоллин және А.Сиражева ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған көңілді спорттық шара өтті. Шара мектеп директоры А.Бисалиеваның ата-аналарды қолдау, ізгі тілектерін білдірген алғыс сөзінен бастау алып, ары қарай ата-аналар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, өзара жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында тренинг ұйымдастырылып, эстафеталық ойындармен жалғасын тапты. Ойын арасында сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен кофе-брейк және оқушылардың ата-аналарына дайындаған флешмобы өте сәтті өтті. Көңілдері көтеріліп, серпіліп қалған ата-аналар сынып жетекшілері мен мектеп ұжымына алғыс білдірді
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/tarbie-saulet/tarbieli-is-sh-r-l-r/13465-t-rbie-zh-mysyny-zhyldy-zhosparyna-saj-6-synyp-zhetekshileri-zh-kurmysheva-a-sami-ollin-zh-ne-a-sirazheva-ata-analar-men-mektep-arasynda-y-yntyma-tasty-ty-arttyru-a-ba-yttal-an-k-ildi-sportty-shara-tti.html#sigFreeId21858c6f66