21 Ақп 2022
Тәрбиелік іс-шаралар

14 ақпан күні «Экомектеп» жобасы аясында 5 А сыныбында «Құстар біздің досымыз» атты тәрбие сағаты өтті.

14 ақпан күні «Экомектеп» жобасы аясында 5 А сыныбында «Құстар біздің досымыз» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты балаларды жергілікті жердің құстарымен таныстырып, оны күтіп-баптауға,аялауға,оларға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу. Сабақ барысында мұғалім жыл құстары туралы түсінік беріп, құстардың тіршілігі туралы айтты. Оқушылар құстар туралы жұмбақтар шешіп, суреттерін салды. Сонымен қатар, құстарға байланысты халық болжамдары, тыйым сөздер топта талқыланып, айтылды.