«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернатта «Парасат» ұлдар клубының жетекшілігімен «Темекі-денсаулықтың дұшпаны!» тақырыбында 8,9,10,11 сынып оқушылар арасында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Тәрбие сағатының мақсаты темекінің адам өміріне зиянды және улы екенін түсіндіре отырып, оқушыларды саналылыққа, тазалыққа, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Шара барысында темекінің ағзаға қаншалықты зиянды екендігін дәйектейтін бейнероликтер көрсетілді. Бейнероликтерден кейін оқушылар темекінің зияны туралы өзара пікір алмасып, ойлары тыңдалды. Сонымен қатар оқушылар «Уланбасын өмірің» тақырыбында зиянды әдеттердің алдын алу шараларын дәріптейтін көрініс қойылып, «Денсаулық» сөзінің әрбір әрпін салауатты өмір салтын ашатын, сипаттайтын сөздермен өрнектеп, «Денсаулық» сөзіне сөзжұмбақ жасырылып түрлі ойындарға белсенді қатысты. Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? деген сұраққа оқушылар қағазға өз ойларын жазып шараны қортындылады.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/tarbie-saulet/tarbieli-is-sh-r-l-r/13404-temeki-densauly-ty-d-shpany-2.html#sigFreeIdbb9af281e4