30 Қар -0001
Тәрбиелік іс-шаралар

«Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға сапалы дайындық - нәтиже кепілі»

Бүгін лицейіміздің қабырғасында пән мұғалімдерінің жаратылыстану ғылымдарының функционалдық, математикалық, оқу сауаттылықтарын арттыру және PISA халықаралық зерттеуге оқушыларды дайындауда әдістемелік қолдау көрсету мақсатында облыстық деңгейде «Халықаралық зерттеулер:Теория.Тәжірибе.Нәтиже» тақырыбында семинар өтті. Семинарға облыстық әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, облыс бойынша барлық аудандардың жаратылыстану-математика және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен құралған 60-қа жуық адам келіп қатысты. Қатысушыларымызға жағымды көңіл-күй сыйлау мақсатында әдемі ілтипат пен жылы тілектер жазылған білезіктер табысталып, шағын сауалнама өткізілді. Лицейіміздің ұстаздары PISA тапсырмалары қамтылған шеберлік сабақтарын көрсетті. Атап айтатын болсақ: қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша педагог зерттеуші Б.Күлшариева 9б сыныбында «Биотехнология және гендік инженерия келешегі. Синтаксис» тақырыбында, А.Бекентаева 9ә сыныбында «Биотехнология тамақ өндірісінде» тақырыбында, математика пәні бойынша Ә.Айсагалиев 8а сыныбында «Параллелограммның ауданына есептер шығару», ал Н.Нұрым 10б сыныбында «Кеңістіктегі вектордың координаталары» тақырыбында, химия пәні бойынша А.Ахметова 8б сыныбымен «Иондық байланыс» тақырыбында, география пәні бойынша Ж.Айтжанов «Дүниежүзі халқының миграциясы» тақырыбында 9б сыныбымен, А.Құрманиязова «Демографиялық көрсеткіштер» тақырыбында 8ә сыныбымен, 9а сыныбымен «Аммиак» тақырыбнда химия сабағын Ж.Гумарова, физика пәні мұғалімі, педагог-шебер А.Дуйсенова 10б сыныбымен «Конденсаторларды жалғау. Электр өрісінің энергиясы» тақырыбында, биология пәні мұғалімі педагог-шебер Э.Шакирова 8а сыныбымен «Адам қаңқасының құрылысы. Тірек – қимыл жүйесінің қызметі және рөлі» тақырыбында үздік сабақтар көрсетті. Негізгі көзделген мақсат күнделікті сабақ мезгілінде PISA тапсырмаларын кіріктіре отырып, оқушылардың ғылыми, функционалдық және оқу сауаттылықтарын арттыру болды. Келген қонақтарымыз ұстаздарымыздың сабақтарынан мол тәжірибе жинақтап, өз қоржындарын толықтыра алды деген сенімдеміз. Кейін мектебіміздің жұмыс жүйесімен және оқушылар шығармашылығымен таныстыру мақсатында мектеп бойынша «Compus tour» ұйымдастырылды.

Blitzkrieg бөлімінде әдіскерлер «Оқу мақсаттарына сай ерекше мәтіндермен PISA тапсырмасын ұйымдастырудың тәсілдері», «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға сапалы дайындық - нәтиже кепілі», «Функционалдық құзыреттілікті дамыту тренажері», «Креативті ойлауын бағалаудың негізгі тәсілдері» туралы тәжірибе алмасты.

Case алаңында оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтары бойынша пән мұғалімдері топқа бөлініп, оқушылардың күнделікті өміріне қажетті ақпараттар беретін мәтіндік тапсырмалармен жұмыстанды.

Семинар соңында қатысушы педагогтер Padlet тақтасы арқылы кері байланыс жасап, өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді.