ЕСКЕ АЛУ
Өзіне емес, өзгеге емес-халқына
Еңбек етті, бір дем алмай алқына.
Ұлына емес, тілек тілеп еліне
Өмір сүрді жүрек жара, сарқыла – дей отырып, мектебіміздің сегіз қырлы бір сырлы серісі әрі жоғары санатты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған Жайсаңбек Ибатұлы Беккалиев ортамызда болса бүгін 43 жастың төріне шығар еді.
Ұстаздық жол – бір биіктен, бір биікке, бір шыңнан бір шыңға ұмтылғандай шексіз, шетсіз сара жол. Бұл – қайтарысы мен қапысы көп қиындықты бастан өткеруге бел байлаған адамға тән ауыр сапар. Сол сапарды қажыр-қайратымен, өзіне тән ерік-жігерімен жүріп өткен Жайсаңбек Ибатұлы лицей гимнінің музыкасын жазған еді. Кейбір адамдар өз ісін ұршықша иіретіні соншалықты - адам нанғысыз істер жасайды. Олар – нағыз өз маманының хас шебері. Жайсаңбек Ибатұлы өресі биік, танымы терең, санасы сергек, қай нәрсені де парасатпен пайымдап, сабырмен саралай білген жан болатын. Бүгін де әріптестер болып, мектебіміздің дамуы үшін зор үлесін қосқан ЖАНды еске алып құран бағыштаған болатын, қабыл болсын!
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/tarbie-saulet/tarbieli-is-sh-r-l-r/13277-mir-s-rdi-zh-rek-zhara-sar-yla-dej-otyryp-mektebimizdi-segiz-yrly-bir-syrly-serisi-ri-zho-ary-sanatty-dene-shyny-tyru-p-nini-m-alimi-bol-an-zhajsa-bek-ibat-ly-bekkaliev-ortamyzda-bolsa-b-gin-43-zhasty-t-rine-shy-ar-edi.html#sigFreeIdc64c05ba23