«Сәулет» мектеп – лицейінде «UNITED POWER» жобасы аясында «Тәрбие сағаты, өзін – өзі тану, қазақ тілі сабақтарында топтық, жұптық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық орта қалыптастыру» зерттеу тақырыбында «3К» шығармашылық тобының екінші LS сабағы өткізілді. «Жер – судың аты – тарихтың хаты» тақырыбында қазақ тілі сабағы өтілді. «Ой ашар» бөлімінде тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылып, өз ойларын және тақырып турасында мақал – мәтелдерді естеріне түсіруге мүмкіндік берілді. «Flippity» әдісі арқылы үш топқа бөлініп, топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Әр топқа 2 мәтіннен беріліп, 1- топ ПОПС формуласымен, 2- топ өз жұмыстарын Венн диаграммасы арқылы және 3-топ берілген кестеге салып, өз жұмыстарын қорғады. Әр топқа бағалау парақтары үлестіріліп, бағалау критерийі арқылы басқа топты бағалауға мүмкіндік берді. Сабақ әрі қарай жұптық жұмыспен жалғасты. Әр жұпқа конверт беріліп, конверт ішіндегі сөздердің ішінен есімдіктерді «Сүзгі» әдісі арқылы теріп алу керектігі айтылды. Оқушылар бір – бірімен ақылдаса отырып, белсенді жұмыстанды. Сабақ соңында өз жұмыстарына рефлексия жасалды. Шығармашылық топ мүшелері сабаққа талдау жүргізіліп, келесі сабақ жоспарланды.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/tarbie-saulet/tarbieli-is-sh-r-l-r/13200-united-power-zhobasy-ayasynda-t-rbie-sa-aty-zin-zi-tanu-aza-tili-saba-tarynda-topty-zh-pty-zh-mystardy-tiimdi-jymdastyru-ar-yly-yntyma-tasty-orta-alyptastyru-zertteu-ta-yrybynda-3k-shy-armashyly-tobyny-ekinshi-ls-saba-y-tkizildi.html#sigFreeId6c83cb639a