26 Қаң 2022
Тәрбиелік іс-шаралар

«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернатта «Парасат» ұлдар клубының жұмыс жоспарына сәйкес 8,9,10 сынып ұлдар арасында «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді

«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернатта «Парасат» ұлдар клубының жұмыс жоспарына сәйкес 8,9,10 сынып ұлдар арасында «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуін тәрбиелеу.

Ұйымдастыру бөлімінде оқушылар шеңбер құрып «Бейбіт елдің бақытты баласы-мен», «Бақытты елдің болашағы-сен», «Қазақстанның жарқын болашағын жасаушы-біз» деген ұранды сөздермен бастап, видео-ролик арқылы БҰҰ –ның бала құқығы туралы заңдарын Қ.Р-ның бала құқықтары туралы конвенциясының құрылған күндерін оның негізгі міндеттері көрсетілді. Осы тақырыптарда сұрақтар қойылып. Әр оқушының балалық шақ, зорлық –зомбылық, досымен қандай қарым-қатынаста болуы туралы ойлары тыңдалды.