25 Қаң 2022
Тәрбиелік іс-шаралар

“Қазіргі қоғамдағы оқушылардың әлеуметтік бейімделуі және жетістігі бойынша мектеп жұмысының формалары

“Қазіргі қоғамдағы оқушылардың әлеуметтік бейімделуі және жетістігі бойынша мектеп жұмысының формалары. Оқушылардың әлеуметтену бағыттарының негізі ретінде сәттілік жағдайын дамыту әдістері мен тәсілдері” тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Бірінші бөлімінде мектеп мұғалімдері 4 шығармашылық топқа бөлініп, “Қазіргі қоғамда жетістікке жету үшін оқушылардың дарындылығын анықтау бойынша жұмыс нысандары” тақырыбында жұмыстарын қорғап, пікір алмасты. Сарапшылар тобы әр жұмысты мұқият қарап, бағасын беріп отырды. Мектеп психологі Г.Имангалиева мен әлеуметтік педагог С.Шайхиева оқушылардың әлеуметтену бағыттарының негізі ретінде сәттілік жағдайын дамыту әдістері мен тәсілдерімен бөлісті. Мектеп директорының орынбасарлары Г.Сараева, Л.Имангалиева және А.Дакишева ІІ тоқсанның қорытындысымен таныстырып, ІІІ тоқсанға жоспарды нақтылады. Педагогикалық кеңес ағымдағы сұрақтарды талқылау жұмыстарымен жалғасты.