25 Қаң 2022
Тәрбиелік іс-шаралар

Биылғы жаңа оқу жылында оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру мақсатында оқушылар парламенті құрылып, фракциялар өздерінің мақсатына сай жұмыстар жүргізілуде

Биылғы жаңа оқу жылында оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру мақсатында оқушылар парламенті құрылып, фракциялар өздерінің мақсатына сай жұмыстар жүргізілуде.

Дебат қозғалысының фракциясының ұйымдастыруымен

АПФ -нда БП "Мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған жаңа механизм ұсынады" тақырыбында дебат ойыны өтті. Дебат мектептің 9-сынып оқушылары арасында оздырылды. 9 "А" сынып оқушылары - Берік Перизат пен Рақым Жұлдыз Үкімет қарарын жақтаса, 9 "Ә" сынып оқушылары - Сүйіндікова Анель мен Шопликова Алина оппозиция позициясын қорғады. Ойын барысында оқушылар өз ойларын жақсы жеткізіп, бүгінгі қаралып отырған қарарды жан-жақты аша білді. Ал дебатқа көрермен ретінде қатысқан басқа да оқушылар дебат ойыны соңында өз пікірлерін білдіріп, қатысушыларға алғыстарын айтты. #ДЕБАТТЫҚҚОЗҒАЛЫСФРАКЦИЯСЫ