21 қаңтар күні 9 сынып оқушылары арасында химиядан білімдерін тереңдету, химиялық ойлау дағдыларын дамыту және танымдық іс-әрекеттерін белсендіру мақсатында «Химиялық регата-2022» оздырылды. Регатаға әр сыныптың намысын қорғайтын бес оқушыдан құралған үш команда қатысып, екі турдан құрылған тапсырмаларды орындады. І турда оқушылар химиялық викторина сұрақтарына жауап іздеп, өмірмен, тұрмыспен, медицинамен байланысты сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды қызығушылықпен орындай білді. ІІ турда командалар күнделікті өмірде қолданатын заттарға не жүзеге асып жататын үдерістерге байланысты берілген химиялық есептер мен тапсырмаларды шығарды. Оқушылар командалық жұмыс барысында белгілі бір тактиканы ұстанып, жеке білімдерін ортақ қоржынға жинақтай білдік және әр топ мүшелерінің арасындағы достық қарым-қатынас нығая түсті деген ойда болды.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/tarbie-saulet/tarbieli-is-sh-r-l-r/13120-21-a-tar-k-ni-9-synyp-o-ushylary-arasynda-khimiyadan-bilimderin-tere-detu-khimiyaly-ojlau-da-dylaryn-damytu-zh-ne-tanymdy-is-reketterin-belsendiru-ma-satynda-khimiyaly-regata-2022-ozdyryldy.html#sigFreeId5d82bc1264