2021-2022 оқу жылына өзін-өзі басқару ұйымы бойынша жаңа жоспар құрылды. 5-10 сыныптар бойынша парламент құрылып, оқушылар фракцияларға бөлінді.
Парламент – бұл білім алушылардың білім беру ұйымын бірлесіп басқаруға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі мәселелерді шешуге қатысу нысаны.
Парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағыазаматты тәрбиелеу.
Парламенттің міндеттері:
- білім алушылардың қабілеттері мен мүделерін, мектепте бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау, білім беру ұйымын басқаруға қатысуға нақты мүмкіндік беру;
- ұжымдық өмір нормаларына, мемлекет заңдарына, адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне, достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оғ көзқарас қалыптастыру;
- әрбір білім алушыны білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту;
- өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез – құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту.
Парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:
1.Құқық және тәртіп фракциясы
2.Ақпарат фракциясы
3.Спорт және салауатты өмір салты фракциясы
4.Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы
5.Қамқорлық фракциясы
6.Мәдениет және өнер фракциясы
7.Дебат қозғалысының фракциясы
8.Экология және еңбек фракциясы
2021 жылдың 29 қыркүйек күні Ұланбасы сайлауы өтті. Сайлау нәтижесі бойынша 9 «Б» сынып оқушысы Макимова Диляра мектеп Ұланбасы атанды және ұйым мүшелері бекітілді.
1.Макимова Диляра
2.Саркенова Ақбаян
3.Кенжетаева Дильназ
4.Қомарғали Ақниет
5.Қожаберген Шаттыгүл
6.Мукашева Салтанат
7.Үмбетәлі Ернұр
8.Ғариполла Малика
9.Тілекқабылқызы Жаннұр
10.Мамай Ерген
Мектеп Ұланбасы Макимова Дилляра Дастанқызы
Заманға сай білім беру - болашағы жарқын ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Осындай миссияны өз деңдейінде атқарып жатқан, көп шәкірттің мақтанышы болған, қаншама түлекті түлеткен білім ордасының оқушыларының жеткен жетістіктері аз емес. Осындай оқушылардың бірі - Макимова Дилляра. Ол 17.10.2006 ж. БҚО, Тасқала ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. Қазіргі таңда «Сәулет» мектеп-лицейінің 9 «Б» сынып оқушысы, мектептің Ұланбасы. Дилляра мектеп қабырғасында жүріп көптеген сайыс, байқауларда өз бағын сынап, жеңімпаз атанып жүр. Атап айтсақ, облыстық лингвистикалық жарысына қатысып ІІ орын иегері, облыстық «Табиғат білгіштері» байқауында биология пәнінен І орын, Республикалық ғылыми жобалар байқауында ІІІ орын, қолданбалы лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде ІІ орын, «Ғылым әлемін ашамыз» облыстық көрме-байқауында «Экология және ғарыштық қызмет» секциясы бойынша ІІ орын, Республикалық «Балдәурен» байқауынан ІІ орын иегері атанды. Дилляраның жақсы көретін пәндері: физика, алгебра, география. Өзінің бос уақытында кітап оқып, әртүрлі программалардан макет жасағанды ұнатады.