21 Сәу 2022
Интернат айдары saulet-1

«Кибербуллингтің залалы мен зардабы»

Отбасы - орта мектеп жоба бойынша «Сәулет» мектеп-лицей жанындағы интернатта ата-аналар арасында «Кибербуллингтің залалы мен зардабы» деген тақырыппен тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Ата-аналарға кибербуллинг туралы ақпарат беру. Шара барысында кибербуллинг дегеніміз не? Кибербуллинг салдары қандай? Кибербуллингке ұшыраған балаға қалай көмектесуге болады? Кибербуллингке қарсы заң бар ма? деген сұрақтарға ақпарат беріліп, бейнеролик көрсетілді.

Ата-аналар кибербуллинг мәселелеріне тоқталып, одан қалай қорғану керегін, әсіресе балаларды қалай қорғау керегі жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.