«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернат тәрбиеленушілері арасында «Өмір - адамға берілген керемет сый» тақырыбында педагог –психолог Г.Б.Имангалиева 5-6-7 сыныптың интернат тәрбиеленушілері арасында тренинг сабақ өткізді.
Мақсаты: Тәрбиеленушілердің өзін–өзі тани білуінің негізгі шарттарымен таныстырып, өзін бағалауға, өз бойындағы сапалық қасиеттерді анықтауға, дамытуға бағыт беру. Тренинг барысында «Толқиды теңіз» жаттығуында топ қатысушылары бір-бірімен амандасып, топта түрлі бейнелерді жасады. «Ойлануға арналған сұрақтар » жаттығуын орындауда бір- бірімізді жақын тану үшін әрбір оқушыға сұрақ қойылды. Сіз кімсіз? Сіз неге осындайсыз? Сіз басқаларды қаншалықты бағалайыз? Сіз өзіңізге сенесіз бе? Сіздің міндетіңіз немесе өзіңізге деген талаптарыңыз қандай? Тәрбиеленушілер қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Оқушылар өмір туралы өз ойларымен бөлісті. Өз бойларындағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып, өзін – өзі тәрбиелеу жолдарын білді. Тренинг соңында қатысушылар «Жүректен жүрекке » жатығуы барысында берілген жүрекшелерге жақсы тілектер жазып, өмір ағашына ілді. Тренингке қатысушылар ризашылығын білдіріп, алған әсерлерімен ой бөлісті. Тренинг соңында «Өміріңе немқұрайлы қарама !» әнімен аяқталды.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/me-tep-intern-ty/internat-aidari/13573-s-ulet-mir-adam-a-berilgen-keremet-syj.html#sigFreeId258d47cab9