Адам денсаулығының қымбаттылығын түсіндіріп, зиянды тамақтардың адам ағзасына тигізер әсері жөнінде ұғындыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернатта 5-7 сынып оқушылар арасында «Дұрыс тамақтана білесің бе?» тақырыбында шара өткізіліп, аталмыш шарада балалар медбикеге дұрыс тамақтану жөнінде сауалдардың жауабын алды. Тәрбиеленушілер «Дұрыс тамақтану-менің денсаулығым, «Мен өз денсаулығыма жауаптымын» және «Пайдалы және зиянды тағамдар» тақырыбы бойынша топпен жұмыстанып, оқушылардың пікірлері тыңдалды. Шара соңында Лұқпан хакімнің қалдырған 7 өсиетін атап өтіп, таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек - деген ой түйді.