«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернатта 8 - 11 сынып оқушылар арасында «Әлеуметтік желі және біз!» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: оқушыларға әлеуметтік желілер туралы мәліметтер бере отырып, әлеуметтік желіге тәуелді болмай, тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.
Қазіргі қоғамда жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмысқа бет бұрып келеді. Соның ішінде ғаламтор мен әлеуметтік желілердің алатын орны жоғары. Шара барысында оқушыларға әлем бойынша рейтенгі ең жоғары әлеуметтік желінің шығу тарихы, әлеуметтік желінің негізін қалаған адамдар туралы мәлімет беріліп, бейнеролик көрсетілді. Әлеуметтік желілердің пайдалы және зиянды жақтарын саралай отырып, оның пайдалы тұстарын қажетіне жарату әркімнің өз қолында екендігі туралы оқушылар әңгіме өрбітіп, топқа бөлініп постер қорғады. Бір күндік уақыттарын пайызға бөлу арқылы «Диаграмма құрастыру» жаттығуы орындалды. Шара соңында «Мен үшін маңызды...» деген сауалға оқушының пікірі тыңдалды. Тәрбие сағатына оқушылар белсенді қатысты.