«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернатта «Инабат» қыздар клубының жетекшілігімен «Қызым саған айтам...» тақырыбында қыздар арасында сырласу сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шараның жалпы мақсаты қазіргі қыздар мен бұрынғы қыздардың тәрбиесі жайлы айтып, қыздарымыздың қазақи ар намыстан, ұятынан ажырамай, қазақ қызына тән ибалы болулары жайында түсінік беру мен қатар, бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз – ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, ақ жаулықты әже екендіктерін ескерсек, сол ұлағаттылық ұяда өзінің казіргі кескін-келбетінен басталатынын саналарына сіңіре айту. Қыз тәрбиесі туралы ақын-жазушыларымыздың өлең, шығармаларын, кеңестерін оқу арқылы қызға қырық үйден тиюдың жолын жалғау.
Қыздар тәрбиесінің маңызы туралы баяндама жасалып, арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Сырласу сағатының соңында қыздар бірі-біріне қарап бойындағы жақсы қасиеттерді айтып жағымды көңіл күй қалыптастырды.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/me-tep-intern-ty/internat-aidari/13402-yzym-sa-an-ajtam.html#sigFreeId35fac4ae2c