27 Желт 2021
Интернат айдары saulet-1

«Сәулет» мектеп лицейі жанындағы интернатта тәрбиеленушілер арасында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім» тақырыбында әдеби-сазды кеш және «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

Тәрбие сағатының мақсаты тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне шолу жасау. 30 жыл бойы жеткен ҚР жетістіктері. Оқушыларды отанды, елді жерді сүюге туған ел тарихын білуге, елміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу болды. Іс-шараға 5-9 сынып оқушылары қатыстырылды. Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, Қазақстанның егемендік жолындағы игі істері мен тәуелсіздігіміздің қалыптасу кезеңі туралы бейнеролик ұсынылды. Тәуелсіздік туралы патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқып, «Атамекен», «Көк тудың желбірегені», «Өз елім» әндерін орындап, шараға белсенді қатысты. Сөйтіп, еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараларымыз өз мәресіне жетті.