«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернатта 3 желтоқсан күні «Отбасы - орта мектеп» жоба аясында, 6 сынып ата-аналары арасында «Ананың алақаны балаға айдынды қоныс!» тақырыбында тренинг өтті.
Тренингтің мақсаты отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу болды.
Тренинг барысында ата-аналар “Бала тәрбиесінде ата-ана тарапынан қандай қасиеттер керек?”тақырыбында дәріс оқып, сонымен қатар ата-аналар арасында бала мен ата-ана рөлін сомдайтын ойындар ұйымдастырылып, ата-аналар ұтымды ойларын ортаға салды. 10 сынып оқушысы Мамай Ерген әкенің рөлін, 5 сынып оқушысы Әбіл Әбдірахман баланың рөлін ойнап «Шегенің ізі» әңгімесінен (мазмұны тентек балаға әкенің тәрбиесін көрсету) шағын көрініс көрсетті.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/me-tep-intern-ty/internat-aidari/12611-anany-ala-any-bala-a-ajdyndy-onys-ta-yrybynda-trening-tti.html#sigFreeIdee0aae9c7c