«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернатта тәрбиеленушілердің бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында «Ханталапай» мен «Тоғызқұмалақ» ойындары ұйымдастырылды. Қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу арқылы балалардың интеллектуалдық, тапқырлық, ептілік, мергендік, ұстамдылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету болды. «Хан талапай», «Тоғызқұмалақ» ойындары туралы бейнеролик көрсетіліп ойынның ережесі мен тарихы кеңінен түсіндіріліп, өз ара пікірталас тудырып, балалар бар білгендерімен бөлісті. Ойынның ережесін жетік меңгерген, отбасында қыс мезгілінде ойнап жүрген ойындарының бірі екеніне де айтып өтті. Ойын барысында бір-біріне жанкүйер болып ойынды әрмен қарай қызықтыра түсті.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/me-tep-intern-ty/internat-aidari/12534-khantalapaj-men-to-yz-mala-ojyndary-jymdastyryldy-2.html#sigFreeIdd470c4216c