«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернатта тәрбиеленушілермен 1 желтоқсан Тұңғыш президент күніне орай «Тұңғыш Президент және Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында аудандық кітапхана қызметкерлерімен тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тәрбие сағатында 1991 жылдың 1 желтоқсан күні бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде қазақ елінің тұңғыш президенті сайланып ұлт тарихына жаңа өзгерістер бастау алғандығы, Нұрсұлтан Әбішұлының кітаптары, жазылған еңбектері, халықымызға арналған жолдаулары туралы тарихтан сыр шертілді. Мақсаты жас ұрпаққа Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру, Елбасын құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу болды.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/me-tep-intern-ty/internat-aidari/12533-1-zhelto-san-t-ysh-prezident-k-nine-oraj-t-ysh-prezident-zh-ne-t-uelsiz-aza-stan-ta-yrybynda-audandy-kitapkhana-yzmetkerlerimen-t-rbie-sa-aty-jymdastyryldy-2.html#sigFreeId2d85b75b88