ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында 30 ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР МАРАФОНЫ жобасы аясында жомарттық құндылығын дәріптеу айлығы аясында «Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернат тәрбиеленушілері асханадағы апайларына үнемі алғыстарын айтып жүрсе де, осы жолы ерекше тосын сый жасап, дәмді тамақтары үшін алғыстарын айтып, кішкене ғана сыйлықтарын тарту етті.
Қолыңнан қандай игі іс келсе, соны жасауға ниеттенсең болғаны. Сондықтан бір-бірімізге жомарттық танытып, жақсылық жасауға асығайық! Жақсылықтың сыйлығы - жақсылық қана.