Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына байланысты «Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернатта 5,6,7 сынып тәрбиеленушілер арасында ұлы ағартушының білім беру саласындағы еңбектерін насихаттап, жас ұрпақты оқуға, парасаттылыққа, еңбекқорлыққа, тарихи тұлғаны құрмет тұтуға тәрбиелеу мақасатында «Ұлы даланың дара ұстазы» тақырыбында танымдық кеш және «Ұлы ұстаз» тақырбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Аталған іс-шара барысында 7 сынып оқушылары Ы.Алтынсарин өмірі мен ағартушылық қызметі жөнінде баяндама жасап, өлеңдерінің негізгі идеялары мен еңбектеріндегі құнды ой-пікірлері жөнінде әңгімелеп, «Әке мен бала» әңгімесінен қойылымды шебер сомдады. Ал 5, 6 сынып оқушылары болса ақын өлеңдерін мәнерлер оқып, Ы.Алтынсарин шығармашылығына байланысты викториналық сұрақтармен қортындылады.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/me-tep-intern-ty/internat-aidari/12231-ybyraj-altynsarinni-tu-anyna-180-zhyl.html#sigFreeIdcf573c5e32