«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернатта Мәриям.Хәкімжанованың туғанына 115 жылдығына орай «Өмірін өлеңмен өрнектеген» тақырыбында аудандық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен 8,9,10 сынып арасында М. Хәкімжанованың өмірі мен шығармашылығы жайлы насихаттау, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын ояту мақсатында поэзия кеші ұйымдастырылды.
Бүкіл бір шығармашыл буынның қалыптасуына ықпалы жүрген, шарапаты тиген Мәриям Хакімжанованың өлеңдері оқылып, қазақ поэзиясына қосқан үлесімен ғана емес, өзінің азаматтық адалдығы, еңбектегі табандылығы, анаға жарасар байсалды мінезімен де бүкіл қазақ қыздарына үлгі де, өнеге де бола білгендігі туралы бейнесабақ көрсетілді.
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/me-tep-intern-ty/internat-aidari/12116-mirin-le-men-rnektegen.html#sigFreeId7fee8449f6