«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернатта «Инабат» қыздар клубы аясында 8,9,10 сынып оқушы қыздар арасында «Ерте жастағы жыныстық қатынас пен жүктіліктің алдын алу» тақырыбында Тасқала аудандық ауруханадан акушер-гинеколог Мукангалиева Анара Зарияновна шақырылып, дәріс оқу ұйымдастырылды. Дәрістің мақсаты – ерте жыныстық қатынас пен жүктіліктің алдын алу жолдары, және қандай оның қауіпі бар екені туралы түсінік беріп, бір қатар кеңестер айтып өту болды. Дәрігермен әңгіме ашық жүргізіліп, қыздар пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, талқылауға белсене қатысты.
View the embedded image gallery online at:
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/me-tep-intern-ty/internat-aidari/12115-erte-zhasta-y-zhynysty-atynas-pen-zh-ktilikti-aldyn-alu.html#sigFreeId8225850866
http://saulet.taskala-bilim.edugov.kz/kz/me-tep-intern-ty/internat-aidari/12115-erte-zhasta-y-zhynysty-atynas-pen-zh-ktilikti-aldyn-alu.html#sigFreeId8225850866