09 Қар 2021
Интернат айдары saulet-1

«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернатта «Әдет пен ғұрып» жоба аясында 6 сынып оқушылар арасында «Ұлттық ою-өрнек түрлері» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді

«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернатта «Әдет пен ғұрып» жоба аясында 6 сынып оқушылар арасында «Ұлттық ою-өрнек түрлері» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты - оқушыларды ою-өрнек түрлерімен таныстыру, ою-өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып, оқушылардың шеберлігін ұштау, халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу болды.

«Қошқар мүйіз» , «Сыңар мүйіз», «Түйе табан», «Түйе өркеш», «Қарға тұяқ», « Тұмарша»,«Төртқұлақ» т.б ою-өрнек түрлерін ойып қыз балалар қағаз бетіне түсіріп, ерекше ынтамен жұмыстанды.