02 Қар 2021
Интернат айдары saulet-1

«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернатта 22 қазан күні «Отбасы - орта мектеп» жобасы аясында, 5 сынып ата-аналары арасында «Бала біздің болашағымыз!» тақырыбында тренинг өтті

«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернатта 22 қазан күні «Отбасы - орта мектеп» жобасы аясында, 5 сынып ата-аналары арасында «Бала біздің болашағымыз!» тақырыбында тренинг өтті.

Тренингтің мақсаты ата-аналарға бала тәрбиесі жөніндегі, әрбір отбасында жақсы тәрбие беруіне ықпал жасап, ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы және өз баласын жақсы тануға көмек көрсету болды. Тренингке мектеп психологы Гулнар Бекеновна қатысып бала тәрбиесінде ата-ананың рөлін психологиялық жаттығулар арқылы көрсетіп, кеңес беріп өтсе, кітапханашы Зауреш Қабдыраққызы «Отбасылық оқудың дәстүрлері» бағытында, отбасылық әдеби демалыс күндерін өткізуді дәстүрге айналдыруды насихатап өтті. Сонымен қатар әлеуметтік педагог Сандуғаш Габдисихқызы ата-аналармен әлеуметтік жағдайларын білуге сауалнама жүргізді. Тренинг барысында ата-аналар жылы тілектерін айтып, аталған тақырыпта постер қорғап, ұтымды ойларын ортаға салды.