«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернатында 19.09.21 күні интернат тәрбиеленушілерімен бірге «Туған тілім -тірлігімнің айғағы...» атты шараға АНЫҚТАМА
«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернатында 22 қыркүйек- Қазақстан Халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай 19.09.21 күні интернат тәрбиеленушілерімен бірге «Туған тілім -тірлігімнің айғағы»...атты шара өткізілді.
Шараның мақсаты- тәрбиеленушілердің мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттырып, бойларындағы патриоттық сезімді қалыптастыру аты аңызға айналған батыр атамыз Б.Момышұлының сөзімен айтқанда «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды бар тарихымызды ұмыту» деген ұғымды жас ұрпақ санасына бекіту. Шара барысында 5-6 сынып оқушылары «Ең қымбат қазына» атты қойылымды шебер сомдап, тіл туралы маржан сөздерден ой түйінделіп, ана тіліне деген шексіз сүйіспеншіліктерін өлең жолдарымен жеткізді. «Қазақ тілім» атты ән шырқалып, шара соңы Ә.Тәжібаевтың «Туған тілім» атты өлең жолдарымен қорытындыланды