25 Қаз 2021
Интернат айдары saulet-1

«Ұлттық құндылықтар» «Ұлттық ою-өрнек түрлері»

«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернатында 16.10.21 күні интернат тәрбиеленушілерімен бірге «Ұлттық құндылықтар.» атты  сурет көрмесіне АНЫҚТАМА 

Интернат тәрбиеленушілерін ұлттық  құндылықтар  негізінде тәрбиелеу, тәрбиеленушілер бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында интернат тәрбиеленушілерімен бірге «Ұлттық құндылықтар.» атты  сурет көрмесі ұйымдастырылып, 6- 8 сынып оқушылары балалар белсене қатысты. Сурет салу кезінде балалардың  сурет өнеріне бейімділігі, қызығушылығы байқалды.

«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернатында  17.10.21 күні интернат тәрбиеленушілерімен бірге «Ұлттық ою-өрнек түрлері» атты тәрбие сағатына АНЫҚТАМА  

Тәрбиеленушілерді ою-өрнек түрлерімен таныстыру, ою-өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып, оқушылардың шеберлігін ұштау, халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында

«Сәулет» мектеп-лицейі жанындағы интернатында  17..10.21 күні интернаттағы  6-7 сынып оқушыларымен «Ұлттық ою-өрнек түрлері» атты шара  ұйымдастырылып, «Қошқар мүйіз» , «Сыңар мүйіз»,  «Түйе табан»,  «Түйе өркеш», «Қос қанатты» – құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек.«Гүл – жапырақ өсімдік тектес  ою – өрнектер» ,«Гүл (жауқазын),  «Көбелек» – қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек. Космогониялық  ою - өрнектер. «Ботакөз «– сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек. «Қарға тұяқ»,  « Тұмарша»,«Төртқұлақ» атты ою-өрнек түрлерін ойып қыз балалар қағаз бетіне түсіріп, ерекше ынтамен жұмыстанды