Сәулет мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерімен 1 қазан 2021 жылы «Жаныңда жүр жақсы адам!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсатым интернатта көп жыл қызмет еткен зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беріп, оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қырымен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу болды. Оқушылар ортаға өз өнерлерін көрсетіп, зейнеткер ұстаздармен сұхбаттасты.