06 Сәу 2022
Үйірмелер мен секциялар

ҮЙІРМЕ анықтама

Сәулет мектебінің 2021-2022 оқу жылындағы факультатив, үйірме жұмыстарының жүргізілу барысы, қорытындысы

Оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында факультатив, үйірме жұмысын ұйымдастырып, жүргізудің маңызы зор. Үйірме мүшелерінің шығармашылық қабілеттерінің артуы, үйірме жұмысының қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанына байланысты. Егерде жұмыс дұрыс ұйымдастырылса оның білім берерлік және тәрбиелік мәні өте зор. Ол жұмыстар оқушылардың практикалық дағдысын дамытып, шығармашылық қабілеттерін арттырады. Оқушылармен факультатив, үйірме жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отырған жөн. Биылғы оқу жылында мектебімізде 33 факультатив, 10 үйірме  бағдарламаға сай бекітілген. Барлық оқушылар факультатив пен үйірмелерге қатысады. Балалар музыка мектебіне қатысатын оқушылар саны - 18, Тасқала аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне қатысушылар саны - 48, «Жас туристер станциясының» қатысатын оқушылар саны – 44, «Мектептен тыс жұмыс орталығына» қатысатын оқушылар саны – 20. Мектептен тыс үйірмелер мен секциялар – 54% құрайды.

Барлық факультатив, үйірмелер жоспарға сай кесте бойынша жұмыс істеп жатыр. Факультативтердің жоспары аудан, облыс көлемінде таратылған бағдарламаларды негізге ала отырып құрылған. Үйірмелер:

Үйірмелер атауы

Уақыты

Жетекшісі

1

Қазақ әуендері

Дүйсенбі 1600-1640, 1730-1810, Сейсенбі 1600-1640, 1730-1810,Сәрсенбі 1600-1640, 1730-1810,Бейсенбі 1250-1335, 1600-1640, 1730-1810

Рахмет Ж.М.

2

Робототехника

Дүйсенбі 1600-1640, 1645-1725, Сейсенбі 1600-1640, 1645-1725, 1730-1810, Сәрсенбі  1600-1640, 1645-1725, 1730-1810

Шурин Б.Б.

3

Домбыра

Сейсенбі,  1600-1640, 1645-1725,1730-1810

Жадаева Р.С.

4

Шебер қолдар

Дүйсенбі 1645-1725, Бейсенбі  1600-1640,1645-1725

Бекеева Ж.Б.

5

Жас құтқарушылар

Дүйсенбі 1645-1725,Сәрсенбі 1600-1640,

Танбаев Ж.Қ.

6

Әлем халықтарының
 билері

Сейсенбі, 1600-1640,1645-1725,бейсенбі 1600-1640,1645-1725

Сариева М.Н.

7

Балауса

Дүйсенбі 1645-1725, Сейсенбі 1645-1725, Сәрсенбі 1645-1725

Нургалиева З.К.

8

Қазақстанның ерекше қорғалатын
табиғи аумақтары

Сейсенбі 1600-1640

Курманиязова А.А.

9

Асыл мұра

Дүйсенбі 1645-1725

Курманиязова А.А.

10

Туризм

Сәрсенбі 1600-1640,1645-1725

Ерғали М.Е.

 

Болып жатқан шараларға оқушыларымыз белсене қатысады. Аудандық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иемденіп жүр.

 

Орындаған: Сиражева А.С(ҚББП)