11 ақпан күні мектебімізде оқушылардың еркін сөйлеу қабілеттерін, айтылған ойды нақты аргументтермен дәлеледеу дағдыларын дамыту мақсатында 10 сынып оқушылары арасында "Компьютер кітаптың орнын басады ма?" тақырыбында ZOOM платформасы арқылы дебат ойыны өтті. Оқушылар тақырып аясында біраз ізденіп, нақты аргументтер келтіріп, өздерінің ойларын дәлелдеді. Бірі-біріне сұрақтар қойып, қызу пікір таластырды. Көрермен ретінде қатысқан 8-9 сынып оқушылары да чатта өздерінің пікірлерін білдіріп. сұрақтарын қойып отырды. Ойын соңында дауыс беру арқылы "Үздік топ" анықталып, "Үздік спикер", "Ұшқыр ой иесі" аталымдары бойынша оқушылар марапатталды. Осы бағыттағы ойындар әлі де жалғасын табады.