17 Ақп 2021
Жаңалықтар

"Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми жəне оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту"

20 желтоқсан күні "Сəулет" мектеп-лицейінде "Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми жəне оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту" тақырыбында онлайн семинар өтті. Əдістемелік семинарды ұйымдастырудың негізгі мақсаты: оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын, креативті ойлау дағдыларын қалыптастыру əдістері туралы ортақ пікірлерді дамыту, оқыту бойынша тəжірибе алмасу, жеке оқыту əдістерін дамыту жəне жетілдіру. Семинар барысында "PIZА халықаралық зерттеулері туралы" тақырыбында А.С.Дуйсенова, "Креативті ойлау аспектілері" А.А.Курманиязова, "Математика сабақтарында оқушылардың креативті ойлауын дамытудың əдіс-тəсілдері" Б.Ж.Жанекенова, А.С.Тулешева, "Математикалық сауаттылыққа берілген есептерді талдау" М.К.Курманиязова, Н.С.Мынжасова, "Жаратылыстану-ғылыми функционалдық сауаттылығын дамыту тапсырмаларын сабақтарға кіріктіру" тақырыбы бойынша А.А.Сабитова мұғалімдермен іс-тəжірибе алмасты. Семинарға қатысқан педагогикалық ұжым PIZA зерттеуінің мазмұнымен танысты.