17 Ақп 2021
Жаңалықтар

"Сəулет" мектеп-лицейінде 30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында "Бар əлем - мен үшін" атты психологиялық-əлеуметтік апталық өткізілді

Апталық "Біздің мектепте болса деймін" тілектер, ұсыныстар жазудан басталып, оқушылар өздерінің мектепте болғанын қалайтын ойларымен бөлісті. 5-6 сынып оқушылары "Менің сыныбым, менің үйім", "Менің сыныбым осындай" тақырыптарында өз сыныптарымен түскен фотосуреттерін, сыныпта өткен іс-шаралары, мерекелері, саяхаттарынан естеліктерімен бөлісіп, коллаж жасады. "Мен таңдайтын құндылықтар..." диагностикасы 8-10 сыныптар аралығында өткізіліп, толтыру кезінде өз бағалауларын сандар арқылы белгілеп, басты құндылықтарды анықтап көрсетті. "Мен өмірге ризамын..", " Мен өмірді таңдаймын, өйткені...", "Мен өмірге дауыс беремін..." сөйлемдерін жалғастырып өмір туралы, өмірдің əр сəтін қалай бағалау керектігі жайында ой-пікірлерін білдірді.