Тəрбие сағатында Президент күні мерекесінің мəні, Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат берілді. Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тəрбиелеу мақсатында өлеңдер оқылып, бейнефильмдер көрсетілді.