Республикалық "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" жоспарына сəйкес "Сəулет" мектеп-лицейінде "Зорлық-зомбылықсыз, қатыгездіксіз балалық шақ!"тақырыбында тəрбие сағатты өткізілді. Тəрбие сағаты барысында "Бала құқығы туралы конвенция", бала құқығы туралы заңмен таныстырылды. Əр баланың ата-ана, қоғам алдындағы міндеттері түсіндірілді. 5-7 сынып жəне 8-11 сынып оқушыларына мектептің əлеуметтік педагогы whatsapp желісі арқылы "Отбасылық қарым-қатынас" тақырыбында сауалнама жүргізді. "Бақытты отбасы", "Зорлық-зомбылыққа төтеп берейік" тақырыптарында оқушылар сурет салып, өздерінің отбасындағы бақытты сəттерін бейнелеп жəне зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке қарсылықтарын суреттер арқылы жеткізді.

