09 Ақп 2021
Жаңалықтар

«Ата-баба дәстүрі жас ұрпаққа аманат!» жобасы

Оқыту мен тәрбиелеу процесіне ұлттық құндылықтарды насихаттайтын, қазақтың тұрмысы мен болмысын ұғындыратын жеке бағдарлама еңгізу мақсатында аудандық білім бөлімі әдіскерімен «Ата-баба дәстүрі жас ұрпаққа аманат!» жобасы жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында мектебімізде 31 қаңтар күні "Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым" тақырыбында технология пәні мұғалімі Ж.Идрисова шеберлік сағатын өткізді. Оқушылар шара барысында атадан қалған дәстүр киіз басудың техникасын, жолдарын үйренді. Сонымен қатар, тәжірибеде өз қолдарымен жасап көрді.