18-22 қаңтар аралығында мектебімізде жаратылыстану апталығы өтті. Негізгі мақсаты: оқушыларды шығармашылық ізденіске баулу, өз ойларымен бөлісіп, жобаларын ұсыну болды. Апталық барысында 5-сыныптар арасында қалдық заттардан бұйымдар жасау берілді.Оқушылар жоғары белсенділік танытып, өз қолдарымен керемет дүниелерін тарту етті. 6-сыныптар арасында "Ең,ең,ең..." фотоколлаж көрмесі өтті. Оқушылар табиғатқа қатысты өз суреттерімен бөлісті. 7-8-сыныптар арасында əлемнің және еліміздің көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында презентация ұсынылса, 9-сыныптар арасында "Science and life" дизайнерлік жобасы өтті. 10-сыныптар арасында "Жаратылыстану құпиялары" атты ізденіс конференциясы өтті. Апталық барысында оқушылар көпшілігі қатысып, белсенділік танытты.