Лицейіміз «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы №548 бұйрықтың №1 қосымшасының 2.2 тармағына сәйкес ІІІ тоқсанды штаттық оқу режимінде 2 ауысыммен бастады.
Барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, интернат тәрбиеленушілері үшін асхана жұмыс жасауда. Сонымен қатар, ҚР БжҒ министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығының қосымшасына сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына жеңілдетілген тамақтандыру қарастырылған.