02 Ақп 2021
Жаңалықтар

«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы»

Лицейіміз «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы №548 бұйрықтың №1 қосымшасының 2.2 тармағына сәйкес ІІІ тоқсанды штаттық оқу режимінде 2 ауысыммен бастады.

Барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, интернат тәрбиеленушілері үшін асхана жұмыс жасауда. Сонымен қатар, ҚР БжҒ министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығының қосымшасына сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына жеңілдетілген тамақтандыру қарастырылған.