18 Маус 2022
Жаңалықтар

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады

Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылдық,- деп Абай Құнанбаев айтқандай сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың еңбегін, аялап - өсірген ата - аналарының үмітін ақтап, жүзден жүйрік шығып, мектебіміздің мерейін асқақтатқан шәкірттеріміз алғашқы ҰБТ-не қатысып келді. Түлектеріміз түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып, жоғарғы жетістіктерге жетті."СӘУЛЕТ" МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ, "Алтын белгі" иегерлері ҒАЗЕЗ ҚАСЫМЖОМАРТӘЛІ ДУМАНҰЛЫ ҰБТ-дан жоғары көрсеткіш 136 балл, ҚУАНЫШКАЛИЕВА АРУЗИЯ НҰРБОЛАТҚЫЗЫ 124 балл, ЖАНДАРБЕКОВА ГҮЛЗАТ ЖАНДАРБЕКҚЫЗЫ 121балл жинаса, МҰРАТ АРМАТ МАРАТҰЛЫ 127 балл жинады. Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады дегендей, түлектеріміз жауапкершілікті терең сезініп, ұстаздарының сенімдерін ақтап, сенім биігінен шыға білді. Қасымжомартәлі, Гүлзат, Армат физика-математика бағытын таңдаса, Арузия химия – биология бағытын таңдап, болашаққа үлкен мақсат қойып отыр. Ел ертеңі, ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастары болатынына, асқар шыңдарды бағындыратынына сеніміміз зор!