Лицейлік балға Тасқала аудандық білім бөлімінің басшысы Касимова Айгүл Кадырбаевна және ардагер ұстаздарымыз Бақтығұл Жұмажанович, Қарлығаш Сагингалиевна, Күләш Мәселовна, Гуляйм Халиуллиевна, Алия Наубетовна, Гүлжан Зейнешовна, Клара Садыровна қатысты. Шара барысы «Сәулет» мектеп – лицейінің гимн орындаудан басталды. Биыл «Сәулет» мектеп лицейі өзінің тарихында 19-ші оқу жылын тарих қойнауына тапсырды. Алғашқы құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Бисалиева Аққаным Талапқызы сөйледі. Балл барысында әртүрлі номинациялар бойынша оқушылар марапатталды. «Үздіктердің керуені» атты марапаттаумен мектебіміздің мақтаныштары 99 оқу озаты марапатталды. «Сәулет үздігі – 2022» номинациясын – 33 оқушы, «Спорт үздігі» бойынша аудандық спорт мектебінен – 10 оқушы, мектепішілік алғыс хатпен – 50 оқушы марапатталды. «Шығармашылық жұлдызы» номинациясы бойынша 35 оқушыға, «Білімге деген құштарлығы үшін» номинациясы бойынша 27 оқушыға марапаттар табысталды. Үздіктерімізге сымсыз құлаққаптар, флешка және сымды құлаққаптар сыйлыққа берілді. Сонымен қатар мектебіміздің қоғамдық өміріне белсене ат салысып жүрген ата аналармыз мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды. Мектебімізде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып жүрген ұстаздарымыз Жадаева Райгуль Сериковна, Сариева Маягуль Нурлановна мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, биылғы оқу жылында мектебімізде ұйымдастырылған ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу мақсатындағы «Оқуға құштар» жобасы аясында «20минуттық кітап оқу» акциясының қорытындысын жарияланды. Қорытындысы бойынша Берік Перизат,
Ұзақбай Сайора ІІІ орындарды иеленді. Сыйлыққа смарт сағат, жүлделі ІІ орынды Шинбаева Асылжан, сыйлыққы ұялы телефон алса, бас жүлдені
Төлеген Әмина алды. Сыйлыққа велосипед тарту етілді. Белсене қатысқан оқушыларға да сымсыз құлаққап сыйлықтары табысталды. «Оқуға құштар» жобасы аясында «20минуттық кітап оқу» акциясына демеушілік көрсеткен қамқоршылық кеңес пен мектебіміздің ата-аналарына алғыс білдіреміз.