03 Мамыр 2022
Жаңалықтар

«Сәулет» мектеп - лицейінің музыка пәні мұғалімі Рахмет Ж.М. 5а сыныбында Қазақстан халқының музыкасы тарауының «Татар жəне ұйғыр халықтары » тақырыбында әдістемелік сабақ өткізді

Сабақ мақсаты: Əр түрлі халықтардың музыкасын тыңдап, олардың айырмашылығын анықтау. Қазақстанда тұратын халықтардың танымал шығармалары мен мəдениетіндегі ерекшеліктерін ажырату.Сабақ барысында оқушылар сольфеджио айтып нота грамматикасын жетілдіріп, дауыстарын жаттықтырды және музыка динамикаларының зерттеп таныды.

Сабақ кезеңдерінде топ мүшелері татар жəне ұйғыр халықтарының аспаптарын, билерін, ырғақтарын анықтап, тапсырмаларды орындады. Келесі кезеңдерінде оқушылар жеке аспап түрлерін ажыратуға жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, татар халық əні «Алмағачалары» тыңдап, ырғағын, айтылу мəнерін, киім үлгісін өзге ұлттармен салыстыра баяндады. Сабақ соңында "Сабақта не сəтті шықты? Қандай тапсырма қиын болды? Əлі де нені жақсарту қажет?" деген кері байланыс сұрақтары берілді.