03 Мамыр 2022
Жаңалықтар

«Сәулет» мектеп – лицейінде көркем еңбек пәні мұғалімі Б.Б.Шурин 6ә сыныбында «Батарейкалы шамшырақ дайындау.» тақырыбында әдістемелік сабақ өткізді

Сергіту сәтін «Шеңбер» әдісі арқылы ұйымдастырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қойылды. Слайд арқылы «Шамшырақ түрлері» көрсетіліп, оқушылар шамшырақ түрлерімен танысты. Сабақта жеке және топтық жұмыс түрлері жүргізілді. Топтық жұмыста ПВХ материалы беріліп, өзара келісе отырып, қарапайым электр нақты сызба тізбегі арқылы үстел шамшырағын жасады. Оқушылар жұмысты орындап болғаннан кейін бір – бірін тексеріп, өз пікірлерін айтты. Топтық жұмыстың қалай орындағаны бойынша топпен біріге отырып, кері байланыс сұрақтарына жауап беріп, жұмыстарын бағалады. Сабақ соңында қарапайым электр тізбегіне тәжірибе жүргізіліп, оқушылар тек есту арқылы емес, сонымен қатар көру арқылы да есте сақтауына мүмкіндік берді. Тақырып аясында әр топ үстел шамшырағын жасады.Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алынып, үй тапсырмасы берілді. Сабақ мақсатына жетті.